• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстан облысы мен Қытай меморандумға қол қойды

274 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 29 маусым. Солтүстік Қазақстан облысына Қытай Халық Республикасының делегациясы жұмыс сапармен келіп, астық сатып алуға уағдаласты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Құрамында Боро-Тала-Монгол автономиялық облысы сауда-саттық қатынасы бөлімінің басшысы Хао Кинджи, «Алашанькоу» еркін экономикалық аймағына жауапты Ванг Йонг, «Алашанькоу Агрофуд» компаниясының өкілі Ванг Ксинчунь бар делегацияны Боро-Тала –Монгол автономиялық облысы әкімшілік басшысының орынбасары Чен Хонг бастап келді. Ресми кездесу барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов мәртебелі қонақтарды өңірдің әлеуметтк-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды. Биыл облыс пен Қытай арасындағы сауда айналымы 12,4 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл – алыс және жақын мемлекеттер сауда айналымының бестен бірі деген сөз. «Облыс экологиялық жағынан таза өнімдер шығарады. Біз сіздерге мал шаруашылығымен айналысуға да жан-жақты мүмкіндіктер тудыра аламыз», деді Ерік Хамзаұлы. Чен Хонгөз сөзінде ұзақ мерзімге арналған экономикалық қарым-қатынастар жасауға мүдделі екендіктерін мәлімдеді. Жылы шырайлы жүздесуден кейін екі тарапа стық пен ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу,   тауар айналымын кеңейту туралы меморандумға қол қойды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.