ПАВЛОДАР. 1 наурыз. Павлодарда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясына жаңа мүшелер қабылданды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс орталығындағы «ҚазБитумсервис» акционерлік қоғамында «Нұр Отанның» бастауыш партия ұйымы құрылды. Облыстық филиал төрағасының орынбасары Илья Теренченко партияның жаңа мүшелеріне соңғы үлгідегі партия билеттерін табыстады. Ал «ҚазБитумсервис» акционерлік қоғамы бастауыш партия ұйымының төрағасы Вячеслав Кнутасқа «Нұр Отанның» туын тапсырды. Кәсіпорынның жұмысшылары Вячеслав Кнутас, Құрмет Әлкенов, Максим Батурин, Самал Бексұлтанова, Виктор Иванов, Құралай Қаюпова, Виктор Колбасин, Алмагүл Оразбаева, Владимир Пантелеев, Наталья Прохорова, Анастасия Рузаева, Әлия Сыздықова, Виталий Щадрин және Татьяна Шингарева «Нұр Отан» партиясының мүшелері атанды.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.