АСТАНА. 29 наурыз. Сингапурдың бірінші премьері Ли Куан Ю-ды ақтық сапарға шығарып салуға 1,4 млн-нан астам адам жиналды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, қарапайым халыққа 25-28 наурыз аралығында Ли Куан Ю мәйіті жатқан парламент ғимаратына баруға рұқсат берілген. Оның мәйітін көру үшін кезек күту кей күндері 10 сағатқа дейін жеткен. Жерлеуді ұйымдастыру комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына бұл күндері шамамен 4 млн. пайдаланушы кірген. Комитет сайтының бір күндік аудиториясы 313 мың адамға жетіп отырған.
Айта кетейік, Сингапурдың бірінші премьеры Ли Куан Ю 23 наурызда жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмды. Бұл жерге ол ақпанның басында өткір пневмония диагнозымен түскен болатын.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: nur.kz.