АҚТАУ. 29 наурыз. Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамына қарасты бір құрылымда жаппай төбелес болды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Тарата айтар болсақ, компанияда ұйымдастырылған мерекелік жиын барысында оған қатысушылардың мас болуы салдарынан жанжал шыққан. Төбелесте пышақ қолданылған.
«Жаңарту» жұмысшылар кәсіподағы баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға салдарынан бір адам пышақтан жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы бір қалыпты екен. Сондай-ақ, тағы бір азаматқа сол жерде дәрігерлік көмек көрсетілген. Бұл жігіт жиында өлесі мас болған көрінеді.
Әзірге төбелестің шығу себебі хабарланбай отыр.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.