АСТАНА. 29 наурыз. Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Ресей мұсылмандарының ең жоғары наградасы – «Еңбек сіңіргені үшін» орденімен марапатталды. Бұл туралы haggin.az хабарлады.
Р.Қадыровқа бұл орден Томск қаласындағы қайта жаңғыртылған мешіттің ашылуы салтанатында Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нафигулла Аширов табыс етті.
Нафигулла Аширов: «Қоғамымыздағы халықаралық татулық пен өзара келісімді дамытуда және Томск қаласындағы мешіттің қайта қалпына келтіру ісінде үлкен көмек жасағаны үшін Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Ресей муфтилер кеңесі тағайындаған ең жоғарғы «Еңбек сіңіргені үшін» орденімен марапатталады», деді.
Жолдыбай Базар.
Дерек: haggin.az.
Сурет: dw.de.