АҚТАУ. 2 наурыз. Маңғыстауда бір мезгілде өздеріне қол жұмсаған бес қыз да тірі қалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақтаудағы медициналық колледждің екінші курсында оқитын бес қыз бір пәтерге жиналып, бір мезгілде дене қызуын төмендететін парацетамол дәрісін ішкен. «Тумба» газеті сайтының хабаралуынша, қыздардың әрқайсысы 50 таблеткадан жұтып қойған. Қыздар дереу Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер олардың асқазанын тазалаған.
Әзірге бес студент қыздың бірігіп мұндай қадамға неліктен барғаны анықталуда, яғни олармен қазір психологтар жұмыс істеуде.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ktk.kz.