• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2015

Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі құрылды

360 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 наурыз. Қытайда Азия экономикалық форумы өтіп жатыр. Оның басты мақсаты Азия инфрақұрлымдық инвестиция банкі жұмысын бастау болып отыр. Бұл туралы Euronews хабарлады. Боао қаласында басталған форумды Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин ашып, барлық контитенттегі мемлекеттерді «Жібек жолының экономикалық белдеуі» деп аталатын жобаны жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. Оның айтуынша, әлемнің 60-тан астам елі мен халықаралық ұйымдары қазірдің өзінде бұл бастамаға қосылуға өтініш беріп қойған. Кеше басталған жиын «Жібек жолы және Теңіз Жібек жолы экономикалық белдеуі» құрылысы жөніндегі жобалар» мен «Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі» келем деушілердің бәрі үшін ашық. Біз осы жолдың бойында орналасқан елдерді, сондай-ақ Азияның барлық елдерін осыған белсене қатысуға шақырамыз», - деді Қытай басшысы. Айта кетуміз керек, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі құрылтайшыларының бірінен табылады. Бұл мәселе 2014 жылы қазан айында Бейжіңде 22 елдің өкілдерінің қатысуымен шешілген еді. Оның негізін қалауға Қытай, Ресей, Үндістан, Бразилия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Швейцария, Люксембург, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Малайзия, Австралия және Корея сияқты 40-қа жуық ел қатысты. Мұрат Айтқожа.