АСТАНА. 29 наурыз. Бүгін, жексенбі күні Өзбекстанда ел президентінің сайлауы болып өтті. Қазір барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы euronews хабарлады.
«Өзбекстанда жексенбі күні елдің жаңа тарихындағы бесінші президент сайлауы болып өтті. Онда мұның алдындағы сайлаулардағы сияқты, іс басындағы мемлекет басшысы Ислам Каримовтің жеңіп шығатынына ешкім күмәнданып отырған жоқ. Ол республиканы 1989 жылдан басқарып келеді. Соңғы рет 2007 жылы өткен сайлаудың барысында, ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 88 пайызының дауысын алған болатын», - делінген хабарламада.
Бүгінде жасы 77-ге келіп отырған Каримов сайлауалды науқан кезінде елдегі жемқорлықпен күресте қажетті қадамдарды жасап, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ететінін мәлімдеген еді.
Сайлау бюллетеньдеріне одан басқа тағы үш үміткер енгізілді. Олар: Акмал Саидов – «Миллий тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») демократиялық, Хатамжон Кетмонов – Халық-демократиялық партиясы, Наримон Умаров Социал-демократиялық «Адолат» («Әділдік») партиясы аттарынан дауысқа түсті.
Сайлау учаскелеріне біздің еліміздің 20 миллион 798 мың 52 азаматы тіркелген.
Президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелері дүйсенбі күні жарияланады. Орталық сайлау комиссиясы осыған уәде беріп отыр.
Мұрат Айтқожа.