• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 17:36

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

Еске салайық, 27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Соңғы жаңалықтар