• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 08:33

Айрықша тарих бастауы

Біз ел өміріндегі айрықша тарихи сәтке куә болып отырмыз. Жаңа Консти­ту­цияның күшіне енуі – елі­міздің саяси жаңғыру жолын­дағы маңызды кезеңнің басталғанын білдіреді.

Бұл өзгеріс мемлекеттік басқару жүйесін уақыт талабына бейімдеп қана қоймай, билік тармақтарының жұмысын жетілдіруге, заң шығару қыз­метінің тиімділігін арт­тыруға және қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Отыз жылға жуық уақыт еліміздің құқықтық жүйесінің қалыптасуына және дамуына қызмет еткен қос палаталы Парламенттің соңғы бірлескен отырысында өткенге баға беріліп, алға жаңа міндеттер қойылды. Мыңдаған заң қабыл­данып, тәуелсіз еліміз­дің құқықтық іргетасы қала­нып, мемлекеттің барлық саласын қамтыған рефор­малардың заңнамалық негізі жасалғаны айтылды.

Ендігі кезекте Қазақ елі мүлдем жаңа конституциялық модельге көшеді. Бір палаталы Құрылтай құрылып, еліміздің жоғары өкілді әрі заң шығарушы органы ретінде жұмысын бастайды. Бұл жай ғана институт атауының өзгеруі емес. Бұл – заң шығару үдерісін жетілдіруге, шешім қабылдау тетіктерін оңтайландыруға, халықтың мүддесіне жедел әрі тиімді жауап беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Конституциялық рефор­ма­лардың түпкі мақсаты – әділетті, ашық және жауапты мемлекет құру. Сондықтан алдағы кезеңде Құрылтайдың жұмысы заң шығару сапасын жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік институттардың өзара үйлесімді қызметіне және елдің орнықты дамуына тың серпін береді деп сенемін.

 

Абзал ҚҰСПАН,

заңгер

Соңғы жаңалықтар