ӨСКЕМЕН. 30 наурыз. Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 3 ересек адам мен бір бала қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Департаменттің дерегінше, Үржар ауданындағы «Таскелен-Бақты» тас жолында ауа райының қолайсыздығыынан «Алматы-Мақаншы-Қабанбай» бағытындағы автобус аударылған
Көлікте 25 адам отырған. Қазірге дейін белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 ересек адам, 1 бала қаза тапқан, сондай-ақ, 18 адам түрлі жарақат алған.
Оқиға орнында тиісті орындардың қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер мен мерт болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде.
есімдері анықталуда.
Думан Анаш.
Дерек: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Сурет: altaynews.kz.