• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2015

Үндістанда 2 жасар қыз cадақ атудан рекорд жасады (видео)

413 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 наурыз. Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Виджьявада қаласының екі жасар тұрғыны елдің ең жас мергені ретінде танылып отыр. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, садақ атудан өткен жарыста Долли Шивани Черукури деген 2 жасар қыз алдымен 5 метрлік қашықтықтан 36 рет, кейін тағы 7 метр жерден оқ атып, нысанаға дөп тигізген. Оның жалпы жинаған 388 ұпайы рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелген. Сонымен, кішкентай қыздың есімі осылайша Үндістандағы рекордтар кітабына енгізілген. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: gazeta.kz. https://youtu.be/JGVlOcGL0KY  
Соңғы жаңалықтар