АСТАНА. 30 наурыз. Үндістанда піл шұңқырға түсіп кеткен баласын шығармақ болып 11 сағат арпалысқан. Егер құтқарушылар келіп пілді құтқармағанда, бұл оқиғаның қалай аяқталатыны белгісіз еді. Бұл туралы caters tv хабарлады.
Пілдің баласы қараусыз қалған құдыққа түсіп кеткен. Анасы қанша шығармақ болып әрекеттенгенімен, кішкентай піл батпаққа толған шұңқырдың құрсауынан құтыла алмады. Бір қызығы, осы оқиғаны қызықтау үшін қалың адам жиналған. Бірақ, біреуі де көмек қолын созуға талпынған жоқ. Қайта видеоға түсіріп, қызық көріп тұрды. Қазір ғаламторға салынған сол видеоны көрушілер саны сағат сайын көбеюде.
Иә, адамдар арасында мейірім азайған қазіргі заманда жан-жануардың осындай әрекеттерінен үлгі алуға мәжбүрміз...
Еламан Қоңыр.
Дерек: caters tv.
Сурет: youtube.com.