• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2015

Ташкент базарлары Қазақстан пиязына ділгер болып отыр

397 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 наурыз. Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласындағы базарларда соңғы кездері пияз нағыз қардар дүниеге айналып отыр. Бұл туралы UZ24 хабарлады. «Соңғы уақыттары байтақ тұрғындарын базарлардан басты пияздардың мүлдем жоғалып кетуі алаңдатып отыр», - делінген хабарламада. Тұтынушылар қазір Ташкенттің ірі рыноктарында сатушылардың пиязды не жасырып сататындарын, не оның мүлдем жоқ екендігін атап өтеді. Осыған сәйкес оның бағасы да ышқынып тұр. Бүгінде килосы 3500-4000 сум аралағында саудаланады. Қаладағы ірі супермаркеттерде әзірге пияз кездесіп қалады. Бірақ сатып алушалыр олардың сапалары көңілдегідей емес екенін айтады. Жұрттың көбі бұл тапшылықты жаңа өнімнің түсетін кезіне қарай қолдан жасалып отырған тірлік санайды. Бұрынғыдан қалған пияздың қоры аз, ал жаңасы әлі шыға қойған жоқ. Осыдан келіп, баға күрт көтеріліп кеткен. Мұның базбіреулер үшін өте тиімді екені де сөзсіз. Дегенмен, UZ24 тілшісі анықтағандай, дайындаушылар қол қусырып қарап отырған жоқ екен. Олардың бір тобы таяу күндерден бастап Қазақстаннан, қоңсы Сарыағаш жерінен пияз тасымалдауды бастап кетіпті. Алайда, көкөністің бұл түріне деген сұраныстың жақын арада қанағаттандырыла салуы мүмкін емес. Себебі, «Узулгуржисавдоинвест» ассоциациясы мәлім еткендей, қазір пияздың тапшылығы Өзбекстанның барлық аймақтарында байқалып отыр. «Пияздың көп мөлшері Қазақстаннан жеткізіліп жатыр. Ал тапшылықтың қашан толастайтыны әзірге белгісіз», - деді ассоциация өкілі. «Тошбозорсавдо» басшылары жағдайға түсіндірме беруден бас тартқан. Өткен жылы жазда республикада қант төңірегінде де осындай жағдай қалыптасқан екен. Жұрт оны сатып алу үшін ұзыннан-ұзақ кезектерге тұруға мәжбүр болған. Сол кезде баға дәл мұндай болып күрт көтерілмепті. Мәселеге сосын «Госкомконкуренция» араласып, тапшылықты азайтуға біраз көмектесіпті. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: UZ24.