• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:28

Қытайда 5 балдық екі жер сілкінісі болды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 5 болатын екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жер сілкінісінің де эпицентрі Ибинь қалалық округіне қарасты Гао уезінде орналасқан. Алғашқы жер асты дүмпуінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 3,5 мыңнан асты

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жергілікті билік жағдайды бақылауға алып, өңірдегі ахуалды бағалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тараз тұрғындары таңсәріде жер сілкінісін сезінді

Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 782 дүмпу тіркелген. Елде қайғылы оқиғаға байланысты жеті күндік аза тұту жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар