• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2015

Ислам Каримов президент сайлауында топ басына шықты

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 наурыз. Өзбекстанның іс басындағы президенті Ислам Каримов кеше, 29 наурыз күні өткен мемлекет басшысын сайлауда дауыс жинаудан топ бастап келеді. Бұл туралы UZ24 хабарлады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлімдегендей, алдын ала есептеулердің нәтижесі бойынша ол сайлаушылардың 90,39 пайыздық даусына ие болған. 30 наурыз күні Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов кезекті брифингін өткізіп, президент сайлауының алдын ала қорытындыларын айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі іс басындағы президент Ислам Каримов сайлаушылардың 90,39 пайыздық дауысын алып, 17,122 млн. адамның қолдауына ие болды. Екінші орынға 3,08 пайыздық дауыс алған «Миллий тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») партиясының кандидаты Акмаль Саидов шықты. Үшінші орынға Өзбекстан Халық-демократиялық партиясының өкілі Хатамжон Кетмонов (2,92%), төртінші орынға –  «Адолат» («Әділет») Социал-демократиялық партияның үміткері «Адолат» Наримон Умаров (2,05%) орналасты. Абдусаломов сондай-ақ сайлау барысында әлдеқандай бір сайлау заңының бұзылу фактісінің орын алмағанын айтты. Сайлауға тізімге енгізілген сайлаушылардың 91,01 пайызы, яғни 18,928 млн. адам қатысты. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сайлаудың түпкілікті нәтижелері 10 күннен қалдырылмай, яғни 2015 жылдың 8 сәуіріне дейін жарияланатын болады. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: UZ24.