АСТАНА 30 наурыз. Алдағы мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінің сайтына сүйеніп egemen.kz хабарлады.
Жалпы, мамыр айында демалыс берілетін үш ресми мереке бар екені белгілі. Олар 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні. Одан бөлек, айдың 10 күні сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Осы ретте 9 мамырдың сенбіге сәйкес келуіне байланысты ол күнгі демалыс 11 мамырға ұзартылатынын айта кетейік. Сонда мамыр айында елімізде барлығы 13 демалыс күні болмақ. Соның ішінде мерекелік демалыстар 1, 7 және 9-11 мамырға сәйкес келіп тұр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: egov.kz.