• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда инспекция басшысы тағайындалды

223 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 30 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы болып Ғалилитдин Жазетов тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Ғалилитдин Мұхтарұлы 1976 жылы Атбасар қаласында туған. Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітіріп, инженер-электрик және заңгер мамандықтарын алып шыққан. Еңбек жолын 2001 жылы қаржы полициясы органынан бастаған. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында бас маманнан бастап мемлекеттік сатып алу басқармасы методология департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары  қаржылық бақылау комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша талдау және мониторинг басқармасының басшысы болған. Осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша  қаржылық бақылау инспекциясына жетекшілік еткен. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктің  баспасөз қызметі.