Кеше палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты бюросының отырысын өткізді, онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті: Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық келісімі; Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді; 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеуге жауапты болып белгіленді.
Бюрода, сондай-ақ, палатаның алдағы 2 сәуірде өтетін отырысының күн тәртібіне ұсыныстар да енгізілді. Отырыста: Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы; «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»; Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасының Yкiметтерi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобаларын қарау жоспарланды.