Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Нұрлы Жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі мәселелері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындылары ұсынылды.
Кездесуге Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.