• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2015

«Қазатомөнеркәсіптің» төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды

290 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 наурыз. Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Айдар Әбдіразақұлы Әріпханов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. А. Әріпханов 1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несие» факультетін бітірген. АҚШ-тың Колумбия университетінде мемлекеттік әкімшілендіру магистрі атағын алған. Осы тағайындауға дейін ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 26 наурызындаі Бейжіңде аталмыш құрылымның басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров кенеттен қайтыс болды. Жолдыбай Базар. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: biografia.kz.