• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2015

Келесі кеңес Қазақстанда өтеді

324 рет
көрсетілді

Кеше Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақ­стан Рес­публикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатыс­ты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. И.Тасмағамбетов ШЫҰ-ға қатысу­шы елдер арасындағы өзара іс-қимыл дең­гейі қанағаттанарлық деп атап өтті. «Біз бұл ұйымды нығайту мен дамытуға, ШЫҰ мәні­­сін арттыруға ниеттіміз. Осыған бай­ла­нысты Астанада 2016 жылдың мамы­­рында келесі кеңесті өткізу туралы қазақ­стандық бастаманың қолданылуына үміттенеміз». Қорғаныс министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша делегация басшыларымен ұсынылған құжаттарға қол қойылды және бекітілді. Сол күні қазақстандық делегацияның ҚХР қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен екіжақты кездесуі өтті. Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты нығайту және кеңейту Қазақстанның басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. – 2014 жылғы Қытай тарапымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу жоғары деңгейді және аталған оқу-жаттығудың сәтті өткізілуін көрсетті. Онда біздің бөлім­шелер күрделі жағдайда әртүрлі тапсыр­маларды бірлесіп орындау элемент­терін пысықтады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларын­да біздің мемлекеттеріміздің аумағын­да лаңкестікке қарсы алғашқы екіжақты роталық-тактикалық оқу-жаттығу­ды өткізу қауіпсіздік қатер­леріне бірлесіп ден қою кезінде бөлімшеле­ріміздің өзара іс-қимыл және машық деңгейін арттырады. Одан өзге, осы жылдың маусымында Қазақстанның аумағында өткен танк биатлоны бойынша әлем чемпионатына танк экипаждарының бірлескен дайындығы да маңызды болып табылады, деді кездесуде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.