• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2015

Дипломатпен кездесті

253 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра Диасты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаевтың айтуынша, біз­дің еліміздің тәуелсіздігін тану­дағы әлемдегі алғашқы елдердің бірі болған Кубаның шешіміне Қазақстанда ризашылықпен қарайды. Төраға 1995 жылы Сырт­қы істер министрі ретін­де Гаванаға сапарын және Ко­ман­данте Фидель Кастромен кез­десуін жылы шыраймен еске алды. Қ.Тоқаев өзара тиім­ді ынтымақтастықты кеңей­ту үшін Қазақстан мен Куба қаты­нас­тарының барлық мүмкін­діктерін пайдалану, оның ішін­де парламентаралық байла­ныстарды дамыту, денсау­лық сақтау, мәдениет, білім беру, туризм және ауыл шаруа­шы­лы­ғы салалары бойынша іскер­лер арасындағы байланыс­тар­ды үдету қажет деп санайды. Парламенттің жоғары палата­сының басшысы кубалық компанияларды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың алдағы Кубаға сапары екі­жақты қатынастардағы тарихи оқиғаға айналып, оған елеулі серпін беретініне сенім білдірді.