АЛМАТЫ. 31 наурыз. Алматыдан эшелонға тиелген арнайы әскери техника Астанаға жеткізілді. Шынжыр табанды жауынгерлік техникалар мен автокөліктер еліміздің бас қаласында Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатыстырылады. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Сондай-ақ, техникамен бірге келген жауынгерлік құрам далалық лагерьге жайғасты. Әскери бас комендатураның коменданты полковник Қожабек Төреманов техникаларды тасымалдау мен орналастырудың кәсіби ерекшеліктеріне тоқталап келіп: «Астанаға барлығы 400 әскер техника мен 1000 жауынгер келіп түсті» деді.
Іс-қимыл барысында жолаушылар пойызының жүріп-тұруына еш кедергі келтірілмеген. Мұндай ірі әскер тобының орын ауыстыру жауынгерлік жаттығу санатына жатқызылады.
Негізгі шараға қатысты полковник Төреманов: «Қанша дегенмен Астанада үлкен мерейтой өткелі тұр. Сол себепті де, бұл шеруде соғыс кезінде халық жеңіс күнін тездеткен атақты «Катюшалар» мен Т-34 танкілеріні нақ өзін де көретін болады» деді. Соғыс жыларындағы әскери техникалар Семей қаласындағы арнайы зауытта қайта жөнделіп шыққан.
Кеше түн жамыла Астанаға 300-ге жуық аэроұтқыр күштерінің жауынгерлері келді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: BNews.kz.