АЛМАТЫ. 1 шілде. Финляндияда 63 жасында қысқа мәтіндік хабарлар (SMS) технологиясын ойлап табушы Матти Макконен қайтыс болды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Тарихта ең алғашқы SMS-хабар 1992 жылы 3 желтоқсан күні жіберілді. Алайда, Макконен бұл технологияны сол кезеңнен 8 жыл бұрын ойлап тапқан еді. Инженер бұқаралық ақпарат құралдарына өте сирек сұхбат берген өнертапқыш. 2012 жылы бір журналистің сауалына SMS арқылы жауап қайтарғаны да қызық. Одан да қызығы – инженер Матти Макконен бұл ойлап тапқан жаңалығынан табыс табуы былай тұрсын, «SMS-тің атасы» ретінде авторлық патент те алмаған. Ол өмірінің соңына дейін: «Бұл – бар болғаны мобильді байланыс желісінің қарапайым ғана мүмкіндігі» деуден басы артық сөз айтпаған.
Талғат Сүйінбай.
Дерек:ВВС.
Сурет:Reuters.