• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2015

Жаңаөзенде ер адам бойжеткенді көпшіліктің көзінше соққыға жықты

248 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 1 шілде. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында ер адам бойжеткенді көпшілік алдында аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс оқиға Жаңаөзендегі орта мектептердің біріне жақын жерде орын алған. Бойжеткенді көпшіліктен еш қымсынбай, тапа-тал түсте соққының астына алған жігіт қыздың жерге құлап түскеніне қарамастан, оны ұруын тоқтатпаған. Куәгер әйелдер араша түсуге қорқып, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер ол жерден ес-түссіз қан-жоса болып жатқан бойжеткенді тапқан, соққы нәтижесінде қыз жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Күдікті 27 жастағы тұрақты жұмысы жоқ Жаңаөзен тұрғынын полицейлер қамауға алды. Өз кінәсін мойындаған ол бойжеткенді бұзақылықпен соққыға жыққанын айтқан. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: turkystan.kz.