• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2015

Аралдағы балабақшада мерзімі өткен тағам сақталғаны анықталды

333 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 шілде. Қызылорда облысы Арал аудандық прокуратурасы «Жауқазын» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сәйкестігіне тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 2014 жылдың наурыз айында шығарылған 2 қорап, 10 кг. «Хамле» печеньесінің белгіленген жарамдылық мерзімдеріне (қорабында сақтау мерзімі 1 жыл деп көрсетілсе де өнім осы уақытқа дейін сақталып тұрған) сәйкес келмейтіндігі анықталды. Бұл заң бұзушылықтар бойынша 2015 жылдың 7 мамырында аудандық прокуратура балабақшаға ұйғарым түріндегі прокурорлық ықпал ету актісін енгізіп, сақтау мерзімі өткен 2 қорап, 10 кг «Хамле» печеньесі жойылды. Осылайша, 280 жеткіншектің конституциялық құқықтары қорғалды. Еламан Қоңыр. Дерек: Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: otzovik.com.