АСТАНА. 1 шілде. Қырғызстанда түрмеден қашқан Қазақстан азаматы өзін-өзі жарып жіберді. Бұл туралы КирТАГ хабарлады.
Оқиға бүгін түнде, сағат үштің кезінде болған. Бішкекте Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан отандасымыз Альберт Абхин полицейлерге ұсталған кезде өзін жарып жіберген. Салдарынан қылмыскер оқиға орнында қаза тапты.
Ал Қырғызстан түрмесінен қашқан тағы бір қазақстандық туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Бүгінде аталған іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары – 24 жастағы Альберт Абхин мен 27 жастағы Жанболат Әміров Бішкекте бірнеше қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталған болатын. Алайда, олар түрмеден қашып кеткен. 25 маусымдағы ұстау операциясы кезінде олардың бірі тапаншамен ауаға оқ атса, екіншісі гранатаны жарып жіберемін деп қорқытып, полицейлерден қашып кеткен болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: КирТАГ.
Сурет: timeskz.kz.