ПЕТРОПАВЛ. 1 шілде. Қалалық сот жер қатынастары бөлімінің басшысы Д. Сағыноваға 45 мың теңге пара алғаны үшін 2 миллион 450 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар парақордың дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарында өмір бойы жұмыс істеу құқынан айрылды.
Д. Сағынова қызмет бабын пайдалану арқылы бірнеше рет пара алғаны үшін 6 наурызда ұсталып, сот шешімімен қамалған болатын. Енді жазасын параның жетпіс есе құны көлемінде өтейді.
Сондай-ақ «Ғылыми-өндірістік жерге орналастыру орталығы» Петропавл қалалық бөлімінің басшысы А. Поплавский де пара беруші ретінде жазаға тартылып, 1 миллион 400 мың теңге айыппұл салынды. Оның да дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан айрылды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық соты.
Сурет: egemen.kz