• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2015

Футбол. Еуропа лигасында Қазақстан төрешілері де қазылық жасайды

443 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 шілде. Қазақстанның футбол төрешілері Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде қазылық етеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Ертең аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңі басталады. Осы сында «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командалары арасындағы ойында Қазақстан қазылары қызмет көрсетеді. Нақты айтсақ, Молдова астанасы – Кишинев қаласында өтетін матчта талдықорғандық Денис Измайлов бас төреші болып тағайындалды. Ал оның қапталдағы көмекшілері – Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші – қарағандылық Артем Кучин. Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа лигасы іріктеу турнирінің матчында қызмет атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Измайлов төрешінің қосымша көмекшісі болды. Айта кетейік, бұл сында еліміздің намысын үш бірдей команда қорғайды. Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Израильдің «Бейтарын» қабылдайды. Аталған матч Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады. Сонымен қатар Ақтөбеде «Ақтөбе» – «Калью» (Эстония) ойыны өтеді. Бұл кездесу сағат 22:00-ге жоспарланған. Үшінші команда – Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Црвена Звездамен» (Сербия) күш сынасады. Бұл ойын Астана уақытымен 3 шілде күні сағат 00:45-те басталады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар