АЛМАТЫ. 1 шілде. Африка құрылығында жайласқан Эфиопия мемлекетінің ғалымдары ғарыш саласын шындап зерттеуге кірісті. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Мемлекеттің меншігіндегі бір овсерватория ғарыш бағадарламасына сай іске кірісті де, аса қарқынмен салынып жатқан екіншісінің құрылысы таяу мезгілде аяқталады. Университеттерде астрономиялық курстар жеделдете оқытылып, мектептерде ғарыш тақырыбын әңгімелейтін клубтар ашыла бастады. Елдегі ғалымдар мен саясаткерлердің пікірінше, ғылымның көрнекті саласына бұлайша құлаш ұру – Эфиопияны шетелдіктердің ел туралы жаңылыс көзқарасынан құтқарады. Өйткені, Еуропа дүниесі Эфиопия десе – жаппай аш-жалаңаш халық пен лаулаған соғыс өртін көз алдына елестетеді екен.
Талғат Сүйінбай.
Дерек:ВВС.
Сурет:Reuters.