• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2015

Әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға шақырды

314 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Талдықорғанда Мемлекет бас­шысының тапсырмаларын жү­зеге асыру аясында Вице-пре­мьердің төрағалығымен өңір­ара­лық кеңес өтті, оның барысында «Туған жерге тағзым» акциясы қорытындыланды. Ағымдағы жылы Алматы облысында байқауға жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам жеке инвестицияларға 232 әлеуметтік жоба ұсынылды. Кеңесті қорытындылаған Б.Сапарбаев кәсіпкерлікті да­мы­­туға кең перспективалар мен тартым­ды бизнес ахуалдың бар екен­дігін атап өтті. Ол бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігін артты­рудың маңыздылығына назар аударып, кәсіпкерлерді мем­лекеттік-жекеменшік серік­тестікті дамытуға арналған мүм­кіндіктерді белсенді пайдалануға шақырды. Б.Сапарбаев «Zhersu» ИӨК» ком­паниясын мысал ретінде кел­тірді. Бұл компания өз қара­­жаты есебінен (600 млн. теңге­ден астам) Лепсі ауылында спорт­тық мектеп-интернат, спорт ке­ше­нін, тігін цехын, физика-мате­матикалық бейімді лицей-интернатын, сая­бақ, кинотеатр және Жыланды ауылы­ның педагогтарына арнап 11 үй салған. Бұдан өзге, «Туған жерге­ тағ­зым» акциясы аясында үсті­міз­дегі жылдың 5 айында облыста 21 балабақша (салынған инвестиция 400 млн. теңгеден асты) ашылды және жыл соңына дейін тағы 47-сін ашу жос­парланып отыр. Вице-премьер, сондай-ақ, об­лыстық кардиологиялық орталықты, 54 млн. теңгенің жеке қаражаты есебінен салынған «Ален» балабақшасын аралап, Талдықорғанның әлеуметтік нысандарының қызметімен танысты. Сервис және технология­лар коллед­жін аралау барысында Б.Сапарбаев әлеуметтік сала басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Онда өзекті мәсе­лелер талқыланды және өңірдің одан әрі әлеуметтік дамуының басым­дықтары анықталды. Вице-премьер азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ, 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалануға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың маңыздылығына баса назар аударды. Жиынды қорытындылаған Б.Сапарбаев Елбасының алға қойған міндет­те­рін жүзеге асыру бойынша бір­қа­тар нақты тапсырмалар берді. Сапары барысында Вице-премьер, сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй кешендерін қарап шықты. Текелі қаласында Б.Сапарбаев қарттар мен мүгедектерге арнал­ған медициналық-әлеуметтік меке­менің жұмысымен танысып, моноқалаларды дамыту бағдарла­масы аясында жөндеуден өткен балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетану орталығын аралады. Үкімет басшысының орынбасары жұмыс сапары­ның соңында Те­келідегі қоғам өкілдерімен кездесіп, онда елімізде өткі­зіліп жатқан әлеуметтік реформалар туралы айтып, қала тұр­ғындарының сауалдарына жауап бер­ді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.