• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2015

+45

200 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы аумағында күн күйіп-ақ тұр. Синоптиктер термометр бағаны +40-45 градус­ты көрсетуде дегенмен, жұрт­­шы­лық­­­­тың бұған күмәні бар. Тыныс­ты тарылтып, маңайды қуыра күй­дірген аптапқа қарап, +50 градустен кем емес деп отыр тұрғындар. «Қазгидромет» РҚК Маң­ғыс­тау облыс­тық филиалы синоп­тик­тері 1 шілде­­дегі хабар­ламасында ыстықтың 2 шілдеге дейін сақ­талатындығын, термометр баға­нының Цельси бойынша +40-45 градустан төмендемейтіндігін айтты. 1 шілде күні Ақтау қала­сын­да +35-37 градус ыстық болып, түс қайта солтүстік-батыс­тан соқ­қан шаңды жел секундына 20 метр жылдам­дық­пен соғады делінген. Ыстыққа байланыс­ты Маңғыстау облыстық төтенше жағ­дайлар департаменті тұрғындар­ды беймезгіл көшеге шығудан сақ­тандырып, ал шыға қалған жағдайда жеңіл киімдер, күн­нен қорғайтын көзілдірік пен қалпақ, ора­мал сияқты бас киімдермен шығуды айтуда. Маңғыстаулықтар жаппай үйлеріне салқындатқыш сатып алуда. Қазір бұл өңірдегі ең өтімді тауар түрі осы салқын­­­­­дат­қыш болып тұр десек, қате­лес­песпіз. Дүкен­дерге үсті-үстіне әкелінген бұл бұйым­ды қолма-қол алу мүмкіндігі жоқтар несие­леу үшін банк­тер филиалдарының алдын босатар емес. Қасиетті ораза айында күн­нің бұлай «жанып» кетуін адамдар төзім мен сабырды сынаған, әрі жамандық­тар қап­таған заманда адамдарды кіші­гірім қи­наған «Алланың сынағы» деп қабылдауда. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы.
Соңғы жаңалықтар