• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2015

Қызылорда облысында Мұстафа Шоқайдың бюсті ашылды

509 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қазан. Алаш арысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық мерейтойы туған жері Қызылорда облысында кең көлемде тойлануда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайраткердің есімін ұлықтап, тәуелсіздік жолындағы ерен еңбегін дәріптеу мақсатында «Мұстафа Шоқай – Алаштың алып тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Төлен Әбдік, Қойшығара Салғарин, Көшім Есмағамбетов, Амантай Шәріп, Әнес Сарай, Сұлтанәлі Балғабаев сынды зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен саясаткерлер қатысып, тұщымды ойларын ортаға салды. Жалпы конференцияға қатысушылар Шоқай туралы көптеген тың деректерге қанықты. Мысалы, Шоқайдың «Яш Түркістан» журналын шығарғаны белгілі болғанымен, «Түркістан» атты журналдың алты нөмірін шығарғаны бұрын белгісіз болып келген еді. Сондай-ақ, неміс тұтқынынан ортаазиялық ұлттар өкілдерін босату жұмыстарымен қатар, өлімге кесілген 80 грузинді ажалдан арашалап қалған. Бұл деректерді естіген грузин халқының зиялы қауымы Шоқай тұрған үйге естелік тақта орнатыпты. Конференцияда сөз сөйлеушілер тарапынан бірқатар ұсыныстар да айтылды. Солардың қатарында Қызылорда қаласында ескерткіш орнату, Шоқай орталығын құру туралы ойлар бар. Сондай-ақ, осы шара аясында қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туып өскен жері Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында жаңадан 240 орындық мәдениет үйі ашылып, алдына қайраткердің бюсті қойылды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.