• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2015

Дәрігерлерге санитарлық көлік берілді

363 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жергілікті бюджет есебінен алынған 11 санитарлық көліктің кілттерін емдеу мекемелерінің басшыларына табыс етті. Атап айтар болсақ, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Талас, Қордай аудандық орталық ауруханалары мен Тараз қаласындағы бірнеше емдеу мекемелері жаңа техникаға ие болды. Бүгінде Жамбыл облысы хал­қы­ның денсаулығы үшін 42 ауру­­хана, соның ішінде 10 орта­лық ау­дан­дық аурухана және 7 ауыл­дық ауру­хана, сондай-ақ, 377 амбу­латориялық-емхана қызмет етіп жатыр. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметтер көрсетуде барлық жағдай жасалуда. – Сондықтан бүгінгі күні ден­саулық сақтау саласындағы ең басым бағыт­тардың бірі ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады, – дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов. – 2015 жылдың 4 айының нәтижесінде аналар өлімі көрсеткіші 47,5 пайызға төмендеді. Қазір облыс халқына медициналық көмекті 2751 дәрігер және 9834 орта буын  қызметкерлері көр­- се­туде. Сондай-ақ, жылдан-жылға жас мамандар саны да өсуде. Өткен жылы облысқа 121 жас маман келсе, оның 73,6 пайызы ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, өңірде респуб­ликалық және жергілікті бюджет есебінен 2010-2014 жылдар аралығында 74 денсаулық сақтау нысанының құрылысы салынғаны белгілі болып отыр. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы. Суретті түсірген Виктор БАРБАШ.
Соңғы жаңалықтар