[caption id="attachment_2380" align="aligncenter" width="560"] OLYMPUS DIGITAL CAMERA[/caption]
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қазан. Қызылорда облысындағы «Қамыстыбас» балық тұқымбағы 15 миллионнан астам шабақты су айдындарына жіберді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Облыстық инспекциямен бірлесіп балықтар су айдынына жіберіліп жатыр. Биылғы беретін мемлекеттік тапсырма бойынша 14 миллион 800 мың бір жаздық, 420 мың екі жаздық балық жіберіледі», – дейді «Қамыстыбас» мемлекеттік балық өсіру питомнигінің директоры Нұрқабыл Құланов.
Бүгінде балық өсірумен қатар оны өңдеп, өткізу ісі де өзекті. Қазіргі таңда Арал теңізі маңында шетелге өнімін экспорттайтын 10-нан астам балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Алдағы уақытта аталған өндіріс орындарын шикізатпен іркіліссіз қамтамасыз ету үшін тауарлы балық тоғандарын көбейту маңызды дейді мамандар.
Соңғы жылдары «Қамыстыбас» балық тұқымбағының қуаттылығы 5 есе артып, жылына дайындалатын шабақ саны 15 миллионға жеткен. Бұл тек Қызылорда облысының ғана емес, өзге өңірлердің де су айдындарын балықтандыруға жеткілікті.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет:wikipedia.org.