• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2015

Қарағандыда «Таблиғи жамағаттың» үш мүшесі қамауға алынды

333 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 14 қазан. Қарағандыда «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастырған деген күдікпен қаланың үш тұрғыны ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қолға түскен бұл үшеуіне бұдан бұрын «Таблиғи Жамағат» ұйымының қызметіне сотпен тыйым салынғаны туралы әлденеше рет ескертілген болатын. Еске салсақ, 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Таблиғи Жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: kaz.gazeta.kz.