• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2015

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына әкім тағайындалды

569 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 14 қазан. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Жарма ауданының әкімі болып Нұрлан Батташұлы Сыдықов тағайындалды. Активке таныстыру барысында облыс әкімі жаңа басшыны ауданның ерекшеліктерін ескере отырып тағайындағанын жеткізді. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Нұрлан Сыдықов 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. 1980 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымының кандидаты. Еңбек жолын Семей қаласындағы «Алтайзолото» тау-кен байыту комбинатының жобалау-құрастыру бөлімінің механика-энергетикалық бюросының инженері болудан бастады. Аталған кәсіпорында түрлі қызметте 1991 жылға дейін еңбек етті. 1993 жылға дейін Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, қала әкімдігінде аппарат жетекшісі болды. 2011 жылға дейін жеке секторда түрлі қызметте жұмыс істесе, 2011 жылдың тамыз айынан бастап облыстық «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2013 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал Жарма ауданының бұрынғы әкімі Әнуарбек Мұхтарханов биылғы жылы 23 қыркүйекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланған болатын. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz.