• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2015

Нью-Йорк соты штаттың экс-сенаторын 7 жыл түрмеге отырғызды

330 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 2 шілде. Нью-Йорк соты штаттан сайланған сенатор, демократ Малкольм Смитке (Malcolm Smith) сайлау кезінде дауыс жинаудың қылмыстық жүйесін жасаған деген айып тағып, 7 жыл түрмеге отырғызды. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады. Қала соты айғақтағандай, Смит 2013 жылы Нью-Йорк мэрінің қызметі үшін сайлауға қатысқан кезінде, өзінің мүдделестері – демократтар партиясының мүшелеріне ірі көлемде пара берген. Экс-кандидаттың берген парасы 200 мың АҚШ долары көлемінде болғаны да анықталды. АҚШ Федеральді тергеу бюросы (FBI) Малколм Смитті 2013 жылдың басында тұтқындаған. Оның партиялас бес әріптесінің ішінде Нью-Йорк қаласы Кеңесінің мүшесі Дэн Хэллоран (Dan Halloran) да бар. Енді қылмысты деп табылған партиялас топ мүшелері түрмеде 3 жылдан 10 жылға дейін жазасын өтейтін болады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Wall Street Journal.
Соңғы жаңалықтар