АЛМАТЫ. 2 шілде. Пәкстанда күннің ыстығынан қайтыс болған адамдардың саны 1300-ден асты. Елдің оңтүстігінде өткен бір тәуліктің ішінде ғана бұған қосымша 34 адам көз жұмды. 10 мың адам зардап шекті. Бұл туралы meteoprog.ua хабарлады.
Тек қана Карачи қаласында күнге күйіп, ыстыққа төзбей қайтыс болғандар саны – 1234 адам. Зардап шеккендердің дені әлеуметтік жағынан қормалған әрі тұрмысы нашар тұрғындар. Ел аумағында күннің қызуы әлі де +40 градустан төмендемей тұр.
Үндістан жағынан ауған ыстық ауа ағыны Пәкстан мемлекетін 19 маусымнан бері әбігерге салып қойды. Карачи қаласында ауаның температурасы бір апта бойы +45 градустан төмендемеді. Жейкобад, Ларкан, Суккур штаттарында ыстық +48 градусқа жетті.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: meteoprog.ua.