• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2015

Елбасы Қырғызстанның І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды

265 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 шілде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада: «Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау» жөніндегі Жарлыққа қол қойды», – делінген. Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті одақтастық қарым-қатынастарды және Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, екі ел халқының тату көршілік пен достық қатынасын нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды. Еламан Қоңыр. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: wikipedia.org.
Соңғы жаңалықтар