• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2015

Павлодарда бір бөлмелі 35 пәтердің кілті табыс етілді

309 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 2 маусым.  Облыс орталығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Елгин көшесі 47/1 мекенжайы бойынша 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Баспананы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ипотека компаниясы арқылы пәтер алған тұрғындар қуанышты. Қала әкімдігі алғашқы боп кілт алған екі пәтер иесіне теледидар, тоңазытқыш тарту етті. Пәтер иелері бір шаршы метрге 912 теңге төлейді. Жыл  соңына дейін Майра көшесіндегі 180 пәтері бар көп қабатты үй пайдалануға беріледі. Яғни, пәтер иесі үйді бастапқы жарнасыз 20 жыл бойы жалға алады. Бес жылдан соң үй ақысын уақытынан бұрын жабу құқығына ие болады. Бір пәтердің көлемі шамамен 30-35 шаршы метр. Елгин көшесіндегі жаңа пәтерлердің 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында үлестірілсе, қалған бөлігі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерге, көп балалы және мүгедек балалары бар, толық емес отбасыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға, әскери қызметшілерге берілді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz