• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №263

602 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 шілде, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 275 бұйрығын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін. 2. Жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттерге жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындасын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 3 тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) көрсетілген стипендияны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2015 жылғы кезеңге төлеуді жүзеге асырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы            Д. БОЛАТХАНҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Міндетін атқарушының 2015 жылғы «30» шілдедегі №263 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу №    Жоғары оқу орындарының атауы     Студенттерге арналған стипендия 1    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясы    2 2    Қазақ ұлттық  өнер университеті    4 3    Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясы    5 Барлығы:    11 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11996 болып енгізілді.