Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Бұл кездесу Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өтіп отыр.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов екіжақты әріптестіктің, соның ішінде отын-энергетика кешені, өнеркәсіп, атом энергиясы, көлік салаларындағы әріптестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға өтуде қабылдаған міндеттемелері және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың келісімшарттық базасына имплементациялау жайы талқыланды.
Тараптар өзара ынтымақтастықты күшейту, соның ішінде ЕАЭО шеңберінде күшейту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап көрсетті.