• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2015

Елшімен екіжақты әңгіме

246 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік­­тік-логистикалық, мәде­ни-гу­­манитарлық сала­лар­да­ғы Қазақ­стан-Грузия ынтымақ­тас­тығының өзекті мәселелерін талқылады. Зураб Патарадзенің атап өткеніндей, Қазақстан Грузияның ең ірі инвесторларының бірі. Атал­ған елде 100-ге жуық қазақстандық компаниялар тіркелген. Қ. Жақыпов пен З. Патарадзе өзара іс-қимыл басымдықтары туралы сөз еткенде, Қазақстан Пре­зидентінің 5 институттық реформасын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Азиядан Еуропаға ке­дергісіз жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» жобасына Қазақстан мен Грузияның қатысуы төңірегінде әңгіме қозғалды. Кездесу иелері екіжақ­ты парламентаралық ынтымақ­тас­тықты нығайту мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, екі ел парламенттерінде жұмыс істейтін бейінді комитеттер мен достық топтары арқылы қарым-қатынасты нығайта түсу керектігін алға тартты.