[caption id="attachment_2579" align="aligncenter" width="560"] ????????????????????????????????????[/caption]
АҚТӨБЕ. 15 қазан. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орал қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Саид Забитовпен кездесті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қонақты жылы шыраймен қарсы алған аумақ басшысы Ресей Федерациясымен өзара қарым-қатынастың анағұрлым нығая түскенін, әсіресе, шекаралас өңірлермен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа салаларда ілгерілеу бар екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде жалпы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың дамуының тиімділігі мен серпінділігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Облыста әрбір үшінші бірлескен кәсіпорын Ресей бизнесінің қатысуымен құрылғанын атап өтті.
Өз кезегінде Саид Забитов Ресей мен Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан ынтымақтастық бұдан былай да нығая беретініне сенім білдірді. Содан кейін бас консул Ауған соғысына қатысқан облыс тұрғыны Артық Елкеевке жоғары награда тапсырды. 1989 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президумының Жарлығымен сол кездегі Новоресей ауданы «Қопа» кеңшарының тумасы Артық Елкеев Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Міне, арада 26 жыл өткенде награда иесін тапты.
Қазіргі таңда екінші топтағы мүгедек Артық Елкеев отбасымен облыс орталығында тұрады. Өңір басшысы да жауынгерді лайықты наградасымен құттықтап, оған мықты денсаулық тіледі.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
[caption id="attachment_2580" align="aligncenter" width="560"] ????????????????????????????????????[/caption]