ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қазан. Қызылорда облыстық филармониясында камералық оркестр ашылды. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында филармония директоры Талғат Мақашев осылай мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Талғат Мақашевтың айтуынша, Грузия елінің мемлекеттік филармониясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, соның аясында 2015-2020 жылдары арасында концерттер мен шеберлік сабақтары өткізілмек.
Жиынға филармонияның режиссері Оңталап Нұрмаханов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Томирис» би ансамблінің жетекшісі Гүлбану Мырзабаева, дәстүрлі әнші, «Ерен енбегі үшін» төсбелгісінің иегері Шынберген Тілеусов қатысып, өнер ордасының 2015 жылда атқарылған жұмыстар барысы туралы айтып берді.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: e-kyzylorda.gov.kz.