ҚАРАҒАНДЫ. 15 қазан. Қарағанды облысының спортшылары Алматыда үстел теннисінен өткен жастар арасындағы ел чемпионатында үздік шықты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл сында Қарағанды облысының намысын 9 теннисші қорғаған болатын. Қыздар арасындағы сында Юлия Гац еліміздің абсолютті чемпионы атанса, жүлде саны бойынша қарағандылық ұжым жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
I орын - Юлия Гац (жекелей сын);
I орын - Юлия Гац, Зәуреш Ақашева (қыздар жұбы);
I орын - Зәуреш Ақашева, Владислав Захаров (аралас жұп).
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі.