• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Тосыннан түсірілген табиғат

234 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде «Дұрыс аңшылықты қолдау және жануарлар дүниесін қорғау» корпоративті қоры Қазақ хандығының 550 жылдығына «Қазақстанның жануарлар дүниесі» атты республикалық фотокөрме ұйымдастырды. Қор президенті Оралбай Әб­ді­кәрімовтің айтуынша, бай­қау тү­рінде өткізіліп жатқан фото­көр­меге 70 фотосуретшіден 231 су­рет келіп түскен. Байқауға Қазақ­станның ең мықты фотографтары қатысып отыр. «Фотоөнер саласының майтал­ман мамандарынан құралған қа­зылар алқасы суреттердің стилі мен сапасына, ерекшелігі мен біре­гей­лігіне басымдық берді. Қазылар алқасы фотокөрмеге ең үздік 40 суретті таңдап алды», – деді О.Әб­ді­кәрімов. Қор президентінің сөзінше, рес­публикалық фотокөрме елі­міз­дегі жануарлар дүниесінің сан­алуандығын көрсетуді көздейді және оларды қорғауды насихаттайды. «Адамдардың табиғатқа селқос қарауының cалдарынан көптеген жануарлардың саны азайып, кей­біреулері жойылып кетіп жатыр. Бүгінде біздің елімізде қабылан, Тұ­­ран жолбарысы, Пржевальск жыл­­қысы мүлде жоғалып бітті де­се де болады. Бұған адамдардың та­биғатты ластауы, түрлі табиғи апат­тар мен өндіріс орындарының көбеюі бірден-бір себеп болып отыр. Бүгінгі фотокөрме ел азамат­тарының жануарлар дүниесін сақ­­тауға деген жауапкершілігін арт­тыруға сеп болады деген ойдамын. Біз барлығымыз бірлескенде ға­на табиғатымыздың фаунасын жо­ғалтпай, болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсырамыз», – деді қор пре­зиденті. Сөз арасында О.Әбдікәрімов Қа­зақстанда құстардың – 490, сүт­­­қоректілердің – 172, бауыры­мен жорғалаушылардың – 51, қос­ме­кенділердің – 12, балықтың 100-ден астам түрі бар екеніне тоқ­талды. «Елімізде жойылып бара жат­қан және жойылудың алдында тұр­­ған жануарларды тіркеп отыратын «Қызыл кітап» мерзімді түр­­де жарық көріп жатыр. 2010 жы­­лы шыққан «Қызыл кітаптың» 4 ба­сылымына балықтың – 18, қос­ме­кенділердің – 3, бауырымен жор­ға­лаушылардың – 10, құстардың – 57, сүтқоректілердің – 40, өзге жа­н­­уар­лардың 128 түрі енген», – деп түйді ойын қор президенті. Көрмеде сөйлеген сөзінде мемлекет қайраткері Өмір­бек Байгелди шет мемлекеттер­де адамдар табиғатпен біте қай­на­сып кететінін, оны аялайтынын, қа­дірлеп қастерлейтінін, біз сияқ­ты немкеттілік танытпайты­нын тілге тиек етсе, Мәжіліс де­­пу­­та­­­ты Қуаныш Сұлтанов рес­пуб­ли­­­­калық фотокөрме дер кезінде ұ­йымдастырылып отырғанына тоқ­­­­­талып, оның берері мол болаты­ны­­на сенім білдірді. Ал Ұлттық музейдің директоры Дархан Мың­бай Қазақстан Тәуелсіздік ал­ған­нан кейін алғашқы қабылдаған заңдарының бірі жан-жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң болғанын атап көр­сетіп: «Мұның өзі біздің мемле­кетіміздің табиғатқа деген дұрыс көзқарасын көрсетеді және атакәсіп – аңшылықты оң ба­ғытта дамытуға басымдық беруді қалайтынының жарқын көрінісі болып табылады», – деді. Айта кетейік, республикалық фо­токөрменің қорытындысы 20 қа­зан күні шығарылады. Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».