• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Шәмшінің әні шырқалмады

294 рет
көрсетілді

Кеше Катар астанасы – Доха қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында 69 килоға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған боксшымыз Данияр Елеусінов пен аса ауыр салмақтағы саңлағымыз Иван Дычко (+91 кг) күміс медальға қол жеткізді. Елеусінов финалда марокколық Мохаммед Рабиге есе жіберсе, Дычконың француз Тони Йокаға шамасы жетпеді. Сондай-ақ, Данияр келесі жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиалық ойындарға жолдама алды. Осылайша, Қазақстан XVIII әлем чемпионатында екі күміс медаль және бір Олимпиада жолдамасын иемденді. Финалдық жекпе-жекте ма­рок­колықтың біздің боксшыдан басым болғанын мойындауымыз керек. Биылғы чемпионаттың бас­ты жаңалықтарының бірі болған Мохаммед Раби Да­нияр­­дың атақ-даңқынан еш қай­­мыққан жоқ. Алғашқы се­кунд­тардан бас­тап алға ұм­тыл­ған ол бірінші жә­не екінші раунд­­тарда үш төре­шіден де жо­ғары ұпай алды. Ал жекпе-жектің соңғы бөлігінде бір тө­реші қазақстандықтың же­ңісін тіркегенімен, жалпы есепте африкалықтың мерейі үстем болды. Осы ретте Мохаммед Ра­би­дің Мароккодан шыққан бокс­­тан тұң­ғыш әлем чемпионы еке­нін атап өткен жөн. Сонымен, бүгінде Қа­зақ­стан қоржынында бо­кс­тан төрт жолдама бар. Елеу­сіновтен бө­лек Бір­жан Жа­­қыпов (49 кг), Берік Әбді­рах­манов (60 кг) және Василий Левит бұған дейінгі жарыстарда жол­дамаға қол жет­кізген болатын. Айта кетейік, Қазақстан Ка­тарға сегіз боксшы алып бар­ды. Қайрат Ерәлиев (56 кг) пен Зә­кір Сафиуллин (60 кг) ал­ғашқы жекпе-жектерінде есе жі­берсе, Олжас Сәттібаев (52 кг), Жә­нібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Василий Левит (91 кг) ширек финалдан аса алмады. Осыған дейінгі 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында боксшыларымыз 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль ен­шілеп, коман­далық есепте топ жарған еді. Сол кезде Данияр әлем чемпио­ны атанып, Иван финал­да сүрінді. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».